Қазақстандықтар құрбан айтты карантин күшейген тұста тойлап жатыр

0
153
Құрбан айт намазына жиналған жамағат. Photo: muftyat.kz

Биыл 20 шілде мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні барша ислам дүниесі құрбан шалып, аз қамтылған отбасыларға таратады. Дастархан жайып, туыстарды аралап қонаққа барады. 

Осы жылы елдегі пандемия жағдайына байланысты көптеген өңірлерде, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент секілді ірі қалаларда айт намазы оқылмады. Осы жылы айт намазын тек аймақтарда ғана оқуға рұқсат етілді.

Республиканың түкпір-түкпірінде құрбан шалу рәсімі басталып кетті. Пандемия жағдайына байланысты елдің бірқатар аймағында құрбан шалу бірыңғай онлайн форматта qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асып жатыр. Құрбандық кей өңірлерде жартылай дәстүрлі форматта өтуде.

Кейінгі апталарда Қазақстанда коронавирус өршіп тұр. Елде тәулігіне бес мыңнан астам адамнан Covid-19 анықталып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз