Қазақстанда тағы бес мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

0
280

20 шілдеде 5179 адам коронавирус жұқтырды. Екі күн бұрын 227 адамға коронавирус пневмониясы анықталған. Бұл туралы сәрсенбі күн денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда вирус өршіп тұр. Қазір “жасыл аймақта” бірде-бір облыс не қала қалған жоқ. Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысы “сары аймақта”. Қалған облыстар мен қалалар “қызыл аймақта” тұр.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 1277 адамнан коронавирус анықталды. Алматыда – 710, Қарағанды облысында – 703, Атырау облысында – 348, Шымкентте – 412, Батыс Қазақстан облысында – 272, Ақмола облысында – 177, Маңғыстау облысында – 146, Павлодар облысында – 185, Ақтөбе облысында – 142, Алматы облысында – 160, Қостанай облысында – 141, Қызылорда облысында – 108, Маңғыстау облысында – 146, Павлодар облысында – 185, Түркістан облысында – 103, Жамбыл облысында 105 науқас тіркелді. Қалған облыстарда анықталған науқастар жүзге жетпейді: Солтүстік Қазақстан облысында – 97, Шығыс Қазақстан облысында – 93 науқас тіркелді.

Пандемия басталғалы бері 504 мыңнан астам адамның коронавирус тесті оң шыққан.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус тесті оң шыққандар арасында 5116 адам қайтыс болған. 3562 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

19 шілдеде коронавирус 54 адамның өліміне себеп болды. 8 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Қазір 64 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 20 мыңнан астамы стационарда жатыр. 44 мыңнан астамы амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. 160 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

21 шілдедегі дерек бойынша, Қазақстанда 4 миллион 965 мың адам коронавирус екпесінің кемі бір компонентін салдырған. Екпені толық алғандар 2,9 миллионнан асты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз