Назарбаев әуежайы жөндеу жұмысына байланысты рейс кестелерін өзгертеді

0
222
Назарбаев халықаралық әуежайы. Алматыдан келген жолаушылар. Photo: Bauyrzhan Juasbayev

 21 шілде және 9 тамыз аралығы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы ұшу-қону жолағы мен жарық-сигналды жабдықтың жоспарлы жөнделуіне байланысты күн сайын сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

“Әуежайдың жұмыс уақыты тәулігіне 24 сағаттан 17 сағатқа дейін қысқартылады. Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 11:00 -ден кешкі 18:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар 1 сәуірден бастап барлық әуекомпаниялармен алдын ала келісілді, соған сәйкес олар рейстер кестесін өзгертті. Осыған байланысты барлық жолаушылардан әуежайға алдын ала тіркелуге және әуекомпаниялардың колл-орталықтарынан рейстердің ұшу уақыты туралы толық ақпаратты нақтылауды сұраймыз”, – делінген хабарламада. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз