31 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты.
Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
1921 мен 1954 жылдары аралығында Қазақстанда 11 еңбекпен түзу лагері болғанын атап өтті. Репрессия заманында Қазақстанда 100 мыңнан астам лагерлерге қамалып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілген. Жалпы Қазақстанға 5 миллионнан астам адам айдалған.
2020 жылы осы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.