Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында қысқамерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр”, – делінген президент баспасөз хатшысы таратқан ақпаратта.
Президент елордаға сенбі күні оралады.