Нұр-Сұлтанда Құрбан айт намазы оқылмайды

0
298
Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешітіне Ораза айт намазына келген халық.

Биыл Нұр-Сұлтан мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысында жазылған.  

Оқи отырыңыз: Мүфтият құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады

Құжатқа сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарының Құрбан айт мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге де және қатысуға тыйым салынады.

“Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде “Айт намазы” ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады”, – делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Құрбан шалу рәсімі онлайн режимде qurban2021.kz сайты арқылы ұйымдастырылады.

Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз