8 маусым күні Қазақстан президентінің 3 жаңа облысты құру туралы жарлығы күшіне енді. Енді елде ресми 17 облыс және үш мегаполис бар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңадан үш облыс құру туралы жарлыққа 4 мамырда қол қойған.
Алматы облысы әкімшілік орталығын Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірді.
Жаңадан құрылған Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала, Алматы облысы құрамында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілді.
Шығыс Қазақстан облысының құрамында екі аудан құрылды:
Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы;
Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылды.
Еске салайық, бұрынғы Семей аймағында Абай облысын құрылды. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады.
ШҚО облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады: құрамында 9 аудан және 2 қала (Өскемен, Риддер) қалса, Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды: құрамына 8 аудан және 2 қала (Семей және Курчатов) кіреді.
Атап айтқанда, ШҚО аумағында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары болады.
Абай облысында: Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.
Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды. Жаңадан құрылатын Ұлытау облысына Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалалары және Жаңаарқа мен Ұлытау аудандары кіреді. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы.
Қарағанды облысының құрамында Ақтоғай, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары мен Қарағанды (облыс орталығы), Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қалалары қалады.