Қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән енгізіледі

0
345
Емтихан тапсырып отырған оқушылар.

Биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде “Патриотизм және жаһандық құзыреттер” атты пән енгізіледі. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаеваға сілтеме жасап Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

“Патриотизм және жаһандық құзыреттер” атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр”, – деді Мәдина Тыныбаева Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында.

Жаңа сабақ парасаттылық және әдеп, экология мәдениеті, азаматтық және патриотизм, өмір қауіпсіздігі, медиа және қаржылық сауаттылық салаларын қамтиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз