Қытай және Орталық Азия сыртқы істер министрлері Қазақстанда кездесті

0
311
Орталық Азия сыртқы істер министрлері. Photo: MFA Qazaqstan

Нұр-Сұлтанда “Орталық Азия – Қытай” форматындағы Сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елінің сыртқы істер министрлері мен делегациялары қатысты.

Делегация басшылары Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту өңірдегі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды факторы болып табылатынын атап өткен. Тараптар осы формат шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға, оның елеулі мүмкіндіктерін ашуға және Орталық Азия өңірін бейбітшілік, достық, өзара көмек, орнықты даму және үйлесімділік кеңістігіне айналдыруға мүдделілігіне тоқталған.

СІМ мәліметінше, бұл жиналыс Қауіпсіздік, көлік және логистика, энергетика және өнеркәсіп, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, «жасыл» экономика, IT-индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да маңызды салалар сияқты стратегиялық бағыттарды қамтитын Жол картасы форматын қабылдауда маңызды қадам болмақ.

Сонымен қатар, Орталық Азия өңірінің Қытаймен өзара байланысын тереңдету және жеке деректер қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында тиісті бастамалар мақұлданған.

Кеңес нәтижелері бойынша қабылданған қатысушы елдер форматының Сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі өткен консультациялардың қорытындыларын толық көлемде көрсетті және орта мерзімді перспективаға арналған магистральдық мақсаттарды белгіледі.

Бұл қытай тарапы 2020 жылы ұсынған қолданыстағы формат өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді шешуге өзара қолайлы тәсілдерді табуға қабілетті өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тиімді тетік ретінде өзін танытқанын куәландырады.

Қазақстан осы форматтағы төрағалығын аяқтап, Қытай Халық Республикасына келесі төртінші форумды басқару құқығын тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз