Зейнетақы қорындағы ақшаны тексерудің 6 тәсілі бар:
- Enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе жеке логин және парольіңізді қолданып жүйеге кіру арқылы;
- БЖЗҚ (ENPF) мобильді қосымшасына ЭЦҚ немесе жеке логин және парольіңізді қолданып жүйеге кіру арқылы;
- https://cabinet.enpf.kz/auth/login сайтында ЭЦҚ немесе ЖСН номеріңіз және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріңізге SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалану арқылы;
- eGov.kz сайтындағы”Азаматтарға арналған электронды үкімет” функциясы бойынша;
- Пошта байланысы қызметтері арқылы;
- Салымшы жеке куәлігімен БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегі өңірлік бөлімшесіне барған кезде;