Зейнетақы қорындағы ақшаны тексерудің 6 тәсілі

0
380

Зейнетақы қорындағы ақшаны тексерудің 6 тәсілі бар:

  • Enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе жеке логин және парольіңізді қолданып жүйеге кіру арқылы;
  • БЖЗҚ (ENPF) мобильді қосымшасына ЭЦҚ немесе жеке логин және парольіңізді қолданып жүйеге кіру арқылы;
  • https://cabinet.enpf.kz/auth/login сайтында ЭЦҚ немесе ЖСН номеріңіз және mgov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріңізге SMS арқылы түсетін бір реттік парольді пайдалану арқылы;
  • eGov.kz сайтындағы”Азаматтарға арналған электронды үкімет” функциясы бойынша;
  • Пошта байланысы қызметтері арқылы;
  • Салымшы жеке куәлігімен БЖЗҚ-ның кез келген жақын жердегі өңірлік бөлімшесіне барған кезде;
БЖЗҚ-ның аймақтық бөлімшелерінде қызмет алу үшін БЖЗҚ сайтына кіріп, алдын ала жазылуға болады. enpf.kz сайтының “Электрондық сервистер” бөлімінде қажетті құжатты электронды түрде толтырып, және өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдап, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін бара аласыз. Онымен қоса БЖЗҚ сайтындағы картадан сізге ең жақын бөлімшені таңдауға болады. Сайттың “Байланыстар” бөлімінде – “өңірлік желі” бөлімінде жұмыс кестесі, кезекші қызметкердің деректері және байланыс телефондары көрсетілген. Барлық сұрақтар бойынша салымшылар БЖЗҚ-ға 1418 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз