Жұма намазына барғанда нені ескеру қажет?

0
322

Covid-19 коронавирусының алдын алу мақсатында мүфтият жұма намазына қатысты мәлімдеме жасады.

ҚМДБ шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдейді:

  • Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
  • Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
  • Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
  • Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
  • Намаздан кейін жамағат қол беріп «Жұма қабыл болсын» деп амандаспайды;
  • Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
  • Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
  • Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
  • Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
  • Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.

Мүфтият барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырған. Мәлімдеме осы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялады.

Бір мезетте әлемнің көп еліне тарайтын індетті – пандемия деп атайды.

11 наурыздағы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 125 мыңға жуықтады. Қаза тапқандар 4500-ден асқан. Көз жұмғандардың көбі Қытайда (3158), Италияда (800-ден асты), Иранда (354). Қазірге дейін әлемде 67 мың адам дерттен айыққан.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, коронавирус табылмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз