25 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1573 адамнан коронавирус табылды. 27 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 20 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 929 784 адамға жеткен.
Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 78 771 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5006 адам қайтыс болған. 67696 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 50 923 адам (–44 854 + және 6 069 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 004 пациент стационарда, 41 919 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 636 адамның жағдайы ауыр, 160 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 110 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.