Қазақстандық шорт-тректен әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

0
101

23 қазанда Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті. Бұл туралы оlympic.kz сайты хабарлады. 

Ерлер арасында 1500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен.

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өтті.

Бұл Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогы кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін естеріңізге саламыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз