Президент Тоқаев жаңа заңға қол қойды

0
638
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

23 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің биоәртүрлілігін сақтау туралы хаттаманы ратификациялауға заңына қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды”- делінген хабарламада.

Бұл заң аясында биологиялық әртүрлілікті, экожүйені сақтау және Каспий теңізінің биологиялық ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсат етілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз