Қазақстанда коронавирус пен пневмония жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты

0
71

25 қазандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 1573 адамнан коронавирус табылды. 27 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 20 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 929 784 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 78 771 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5006 адам қайтыс болған. 67696 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 50 923 адам (–44 854 + және 6 069 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 004 пациент стационарда, 41 919 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 636 адамның жағдайы ауыр, 160 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 110 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз