Қазақстанда вакцина ектіргендер саны 2 миллионнан асты

0
81

26 мамыр таңертеңгі ақпаратта 2 035 781 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 973 873 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 25 мамыр күні 1739 адам вирус жұқтырып, 28 адам қайтыс болды. 2810 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 121 адам жұқтырып, 4 адам қайтыс болды. Пневмониядан 40 науқас емделіп шықты.

Қазіргі таңда 31 232 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 11 986 пациент стационарда, 19 246 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 668 адамның жағдайы ауыр, 171 адамның жағдайы өте ауыр және 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз