ДСМ өткен тәуліктің коронавирус деректерін жариялады

0
176

25 қаңтарда Қазақстанда 1266 адамнан коронавирус табылды. 8 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 15 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтар таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Ақмола облысында (215) тіркелген. Павлодар облысында – 197, Алматы қаласында – 132, СҚО – 110, Қостанай облысында – 104 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 179 720 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 47 445 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 558 адам қайтыс болған. 35 220 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 134 адам ( оның ішінде 11667 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 285 адамның жағдайы ауыр, 43 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз