Министр: Енді көлікті қайта рәсімдеу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ

0
480

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша көлікті қайта рәсімдеу үшін ұялы телефоныңыз арқылы Kaspi.kz бағдарламасына кіріп мемлекеттік қызмет бөлімінен онлайн рәсімдей аласыз. Бұл туралы министр Мусин facebook парақшасында жариялады.

“Достар, министр қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы жұмыстарымның бірі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) жұмыс барысын тексеру болды. Осылайша адамдардың үлкен ағымынан туындайтын хаосты қалай жеңуге болатынын ұзақ ойладым. Мен алдымен өзім практика жүзінде көлікті рәсімдедім. Менің қасымда кеңесші болғанымен ол рәсім екі сағатқа созылды” – дейді министр Мусин.

Бағдат Мусин бұл мәселенің шешімі ретінде онлайн рәсімдеу әдісін ойластырған. Ішкі істер министрлігімен бірге қызмет түрін Kaspi.kz, Homebank, Сбербанк секілді банк жүйелерімен жасауды қарастырған.

Төрт айлық жұмыс жемісін беріп, ендігі көлік құжатын рәсімдеу үшін Kaspi.kz бағдарламасына кіріп мемлекеттік қызмет бөлімінен онлайн рәсімдеу функциясы іске қосылды.

“Халық банкте қазіргі таңда осындай қызмет түрін жасаумен айналысуда. Бірақ, оның ерекшелігі несиеге сатылатын көлікті қайта рәсімдеу.” – деп аяқтады минситр Бағдат Мусин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз