Қазақстан президенті жаңа заңға қол қойды

0
307
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Мамин: 2025 жылға қарай халық 100 % таза ауыз сумен қамтылады.

26 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану – аса маңызды міндет екенін алға тартты. Ол су ресурстарын басқарудың ұлттық жобасы дайындауға тапсырма бергенін жеткізді.

“Қазір Жайық өзені қатты суалып, экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау”, – деді президент.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз