Кәмелетке толмағандарға вакцина салынбайды

0
233
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 18-ге толмағандар мен 65 жастан асқандарға егілмейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
18-ге толмағандар мен 65 жастан асқандарға екпе салмауының себебі бұл жастағыларға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды.
Министрлік мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцина әрбір адамға ерікті түрде салынады. Азаматтар вакцинадан жазбаша бас тартуға құқылы. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскеннен кейін де үнемі бақылауда болады.
1 ақпанда басталатын жаппай вакцинациялау бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлеріне, одан кейін 1 наурыздан бастап  жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлеріне екпе егіледі.
Үшінші кезеңде 1 сәуірден бастап мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдарға вакцина егіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз