Тоқаев үкіметке жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды

0
389
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: akorda.kz

26 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды.

“Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.”, – деді президент.

Президент жайылымдар мәселесіне де тоқталып өтті. Ол жайылымдардың  ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін ескертті.

“Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда”, – деді Тоқаев.

Ол жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде екенін, алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылатынын, қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатқанын атап өтті. Президент үкіметке бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз