Эпидахуал: 5 өңір қызыл аймақта тұр

0
491

14 қазандағы ақпаратта коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта” 5 өңір орналасқан. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы хабарлады.

“Қызыл аймақ”:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы
  2. Алматы қаласы
  3. Ақмола облысы
  4. Солтүстік Қазақстан облысы
  5. Павлодар облысы

Соңғы ақпарат бойынша Ақтөбе облысы сары аймақтан жасыл аймаққа өтті. Осылайша Сары аймақта – 5, ал жасыл аймақта – 7 өңір орналасқан.

Қазақстанда өткен тәулікте 1985 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы (350), Нұр-Сұлтан (270) қалалары мен Қарағанды облысында (163) тіркелді. Ал 1895 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 31 адам қайтыс болды.

Өткен жылдың наурызынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 910 832 адамға жеткен.

Бұдан бөлек қазіргі таңда 7 947 201 адам вакцинаның бірінші дозасын, ал 7 022 361 адам екінші дозасын алған.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз