Нұр-Сұлтанда апта соңы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

0
163
photo: Астана әкімдігі баспасөз қызметі

16-17 қазанда Нұр-Сұлтанда “Хан Шатыр” сауда ойын-сауық орталығының жанында Қостанай облысының кәсіпорындарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Апта соңы Қостанай облысының 14 ауданы мен 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын өз өнімдерін сатады. Оның ішінде: Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Таран, Федоров, Ұзынкөл аудандары және Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары.

Облыс кәсіпорындары 270 тонна көлемінде 100 – ден астам өнім түрлерін: 50 тонна ет, 31 тонна сүт өнімдері, 20 тонна шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар, 27 тонна жарма мен макарон өнімдері, 60 тонна картоп пен көкөніс, 20 тонна ұн өнімдерін сатылымға шығарады.

Сондай-ақ, сатылатын өнімдердің ассортиментіне нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал және басқалар кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз