Қазақстанда өткен тәулікте 1405 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 27 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. 31 мамыр таңертеңгі ақпаратта 1405 адам вирус жұқтырып, 2436 адам індеттен жазылды. Ал, 20 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 386549 адамға, жазылғандардың саны 355981 адамға, ал қайтыс болғандар саны 3955 адамға жетті.
Барлығы 27180 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 567 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 10 908 адам стационарда, ал 16 272 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 668 адамның жағдайы ауыр, 152 адамның жағдайы өте ауыр және 97 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек елде 2 114 112 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 1 055 920 адам ектірген.