Тоқаев халыққа үндеу жариялады

0
224
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады. Бұл туралы президенттің ресми сайты жариялады.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

“Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді.” – дейді президент Тоқаев. 

Мемлекет басшысы 1921 мен 1954 жылдары аралығында елімізде 11 еңбекпен түзу лагері болғанын атап өтті. Репрессия заманында Қазақстанда 100 мыңнан астам лагерлерге қамалып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілген. Жалпы Қазақстанға 5 миллионнан астам адам айдалған.

Қатал режимнің қысымына ұшырағандардың тізімінде Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров секілді танымал қазақ қайраткерлері, саясаткерлері және жазушылары болды.

2020 жылы осы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау мақсатында мемлекеттік комиссия құрылды.

“Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.”- дейді президент Тоқаев. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, сөзінің соңында саяси құрбандардың есімі мәңгі ұмытылмайтынын жазып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтынын хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз