Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

0
215
photo: kfb.kz

Қазақстандық боксшы қыздар Дубайда өтіп жатқан Азия-2021 чемпионатында 8 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Бұл чемпионатта елдер арасында Қазақстан (8-1-1) бірінші орын иеленді. Екінші орында Өзбекстан (1-5-2) елі ал үшінші орында Үндістан (1-3-6) тұр.

Қазақстандық жүлдегер боксшы қыздардың тізімі:

1- Алуа Балкібекова (48 кг дейін)
1- Назым Қызайбай (51 кг дейін)
1- Дина Жоламан (54 кг дейін)
2- Владислава Кухта (57 кг дейін)
1- Римма Волосенко (60 кг дейін)
1- Милана Сафронова (64 кг дейін)
1- Валентина Хальзова (69 кг дейін)
3- Марина Вольнова (75 кг дейін)
1- Фариза Шолтай (81 кг дейін)
1- Ләззат Күнгейбаева (81 кг жоғары)

“Біз Қазақстанның бокс державасы екенін тағы да дәлелдедік”- дейді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.

Кеңес Рақышев Азия чемпиондарын елде қаржылай сыйлық күтіп тұрғанын хабарлады. Алтын медаль иелеріне 10 мың доллар, күміс медаль үшін 5 мың доллар, ал қола медальға 2,5 мың доллар ақшалай сыйлық болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз