Министрлік коронавирус деректерін жариялады

0
396

6 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 3897 адамнан коронавирус табылды. 67 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 72 адам – коронавирустан, 19 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (1085) қаласында және Қарағанды (492) облысында тіркелген. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (330) және Алматы (279), Павлодар (255), Ақмола (234) облыстары тұр.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 816 896 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылға жуық уақыт ішінде жалпы 71292 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4572 адам қайтыс болған. 59124 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 1 491 адамның жағдайы ауыр, 425 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 201 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз