АрХО-2021: Қазақстандық әскерилер екі конкурстың жеңімпаздары

0
177

Қазақстандық әскерилер ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» және минаатқыш есептоптарының «Артиллериядан оқ ату шеберлері» жарыстарында айқын жеңіске жетті. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сұңқар аңшылығы» конкурсында Беларусь, Иран, Қазақстан және Ресей ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптары қатысты. Бұл сайыста екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Ресей командалары еншіледі.

«Артиллериядан оқ ату шеберлері»  жарысына Әзербайжан, Беларусь, Вьетнам, Иран, Қазақстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы Күштерінің өкілдері қатысты. Бұл конкурста жеңіске жеткен Қазақстан командасы. Екінші – Ресей, үшінші – Әзербайжан.

Бұдан өзге, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бірқатар сайыстардың жүлдегерлері атанды. Олар «Десант взводы» конкурсында екінші орынды қытайлық қарсыластарымен өзара бөлісті. Сонымен қоса, «Тактикалық мерген», «Аттар марафоны», «Бейбітшілік жауынгері» және «Армия мәдениеті» конкурстарында үшінші орынды еншілегенін айта кетейік.

4 қыркүйек Армия халықаралық ойындарының жабылу рәсімі өтетін күні «Танк биатлоны» жарысының ақтық эстафетасы өтеді. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қытай және Ресейдің танк экипаждары қатысады.

«Эльбрус шеңбері», «Тәртіп сақшысы», «Теңіз кубогы» конкурстары әлі де жалғасуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз