Қазгидромет: Жаңбыр жауып, температура төмендейді

0
343
фото:baribar.kz

7-9 қыркүйек күндері Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстікте қатты жаңбыр болжануда. Тек оңтүстік өңірлерде ауа-райы жауын-шашынсыз.

  • 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.
  • Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылы
  • Солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылы
  • шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылуды көрсетеді.
  • Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылыға дейін күтіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз