Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қайтадан “қызыл аймаққа” кірді

0
301

10 наурызда елдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары “қызыл аймаққа” кірді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда өткен тәулікте 693 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан(143) және Алматы(160) қалаларында тіркелді. Ал 773 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 2 адам қайтыс болды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 220 018 адамға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз