13 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіру үшін қойылған шектеу жойылды

0
274

АҚШ мемлекеттік департаменті Мьянма, Эритрея, Иран, Қырғызстан, Ливия, Нигерия, Солтүстік Корея, Сомали, Судан, Сирия, Танзания, Венесуэла және Йемен азаматтарына АҚШ-қа кіруге қойылған шектеуді алып тастады. 

Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамп 20 қаңтарда қойған шектеудің күшін жойды.

Осы шешім бойынша президент Байден мемлекеттік департаментке 45 күн ішінде есеп беруді, жеке тұлғалардан иммиграциялық виза алуға түскен өтініштері (жоғарыда аталған елдерден) қайта қарауды тапсырды.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, 2020 жылдың 20 қаңтарынан кейін виза өтінімдері қабылданбаған азаматтар өтініштерін қайта тапсырмай және тіркеу жарнасын төлемей-ақ қайта қарауды сұрай алады.

Ереже бойынша 2020 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданбаған иммиграциялық визаны алуға берілген өтінімдер де қаралады. Алайда азаматтар жаңадан өтініш жасап, тіркеу жарнасын төлеуі керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз