Өткен тәулікте 2284 адам коронавирус жұқтырып, 36 адам қайтыс болды

0
145
Photo: pricom.kz

26 сәуірде Қазақстанда 2284 адамнан коронавирус табылды. 12 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 29 адам – коронавирустан, 7 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 27 сәуір күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (294) және Алматы (689) қалаларында тіркелген. Одан кейін Алматы (264), Қарағанды (250) және Ақмола(146) облыстары тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 311 400 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 8 айға жуық уақыт ішінде 52471 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 782 адам қайтыс болған. 51290 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 42 260 адам (оның ішінде 399 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 756 адамның жағдайы ауыр, 179 науқастың жағдайы өте ауыр. 110 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз