Қордайдағы қақтығыс бойынша сот үкімі шықты

0
252

Былтыр Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында болған қақтығысқа байланысты 27 сәуірде 51 айыпталушыға сот үкімі оқылды. 50 адам жазаға тартылды, 1 адам толықтай ақталып шықты. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.

Сот шешімін Жамбыл облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов оқып берді. 31 адамға жасаған ісіне өкінгені және залалды өтегені үшін шартты түрде немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Атап айтқанда, 24 адам – шартты түрде бас бостандығынан айырылса, 7 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал қалған 19 адамға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскерлердің ішінде ең ұзақ мерзім 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы болды. Сотталушы, жаппай тәртіпсіздікке қатысып, 3 адамның өлімі және денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.

“Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауабы, медициналық, биологиялық, генетикалық, өрт техникалық сараптама қорытындысымен, бақылау камераларының бейнежазбаларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша толық дәлелденген”, – деді соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов.

Бұған дейінгі сот отырысы

Бұған дейін 2020 жылдың қыркүйегінде Қордайдағы қақтығысқа қатысы бар 7 азаматтың сот үкімі шыққан еді. Айыпталуышлардың арасында әскери қызметші болғаны үшін, қылмыстық іс әскери сотта қаралды. Әрқайсысына қылмысына қарай 3 пен 8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Қордайдағы ұлтаралық жанжал

2020 жылы 7 ақпан кешкісін Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында жанжал шығып, 10 адам қаза тапты. Қырықтан астам адам жаралаған. Жанжал кезінде Қырғызстанмен шекараға жақын орналасқан Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында 15 ғимарат мен 30-дан астам үй бүлініп, 23 көлік өртенген. Бұл ауылдарда көбіне этникалық дүнгендер тұрады.

Қордай жанжалдан кейін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз