Сенат төрағасы коронавирус жұқтырды

0
164
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Photo: parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан коронавирус анықталды. Бұл туралы жоғарғы палата төрағасы 27 сәуір таңертең Facebook парақшасында хабарлады.

“Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын”, – деп жазды Әшімбаев. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз