Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 831 адам жұқтырды. Жалпы ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 160 650 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
8 қаңтар таңертеңгі ақпаратта 723 адам індеттен айыққан, алайда 3 адам вирустан қайтыс болды. Жазылып шыққандардың саны 147 512 адамға, ал қайтыс болғандардың саны 2352 адамға жетті.
Жалпы 22 мың 776 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 990 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5 367 адам стационарда, ал 17 409 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 291 адамның жағдайы ауыр, 49 адамның жағдайы өте ауыр және 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 76
Алматы қаласы – 128
Шымкент қаласы – 18
Ақмола облысы – 59
Ақтөбе облысы – 12
Алматы облысы – 56
Атырау облысы – 107
Шығыс Қазақстан облысы – 50
Жамбыл облысы – 17
Батыс Қазақстан облысы – 43
Қарағанды облысы – 35
Қостанай облысы – 65
Қызылорда облысы – 4
Маңғыстау облысы – 8
Павлодар облысы – 87
Солтүстік Қазақстан облысы – 57
Түркістан облысы – 9
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 64
Алматы қаласы – 103
Ақмола облысы – 44
Алматы облысы – 31
Атырау облысы – 168
Батыс Қазақстан облысы – 35
Қарағанды облысы – 24
Қостанай облысы – 8
Қызылорда облысы – 7
Маңғыстау облысы – 17
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 61
Түркістан облысы – 7