Apple мен Hyundai электромобиль шығаруды ақылдасып жатыр

0
121
Photo: bbc.com

Hyundai Apple компаниясымен бірге өздігінен қозғалатын электромобиль шығаруда бірлесіп жұмыс істеу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Жұма күні осы жаңалық тарағаннан кейін Оңтүстік Кореяның автомобиль компаниясы акцияларының бағасы 20% -ға көтерілген.

“Apple және Hyundai келіссөздер жүргізуде, бірақ әлі ештеңе шешілген жоқ”, – делінген компания хабарламасында.

Өткен айда Apple компаниясы 2024 жылы іске қосылатын өзін-өзі басқаратын автомобиль технологиясын қолға алып жатқаны туралы жаңалық шыққан.

Электрокөліктер нарығы (EV) бәсекеге қабілетті бола бастады. Tesla сияқты тез дамып келе жатқан компаниялар қоғамда кең талқылана бастады. Оның негізін қалаушы Илон Маск қазір Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам адам атанды.

Сарапшылардың айтуынша, Apple электромобиль шығаруына кем дегенде бес жыл жыл қажет.

Олар пандемияның әсерінен өндірістің басталуы 2025 жылға немесе одан да кейінге шегерілуі мүмкін екенін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз