Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 9 және пневмониядан 1 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 2369 адам, пневмониядан 526 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
12 қаңтар таңертеңгі ақпаратта 692 адам вирус жұқтырып, 761 адам індеттен айыққан. Жазылып шыққандардың саны 149 843 адамға, ал вирус жұқтырғандардың саны 163 711 адамға жетті.
Жалпы 23 мың 403 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 904 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5 711 адам стационарда, ал 17 692 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 283 адамның жағдайы ауыр, 57 адамның жағдайы өте ауыр және 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 110
Шымкент қаласы – 8
Ақмола облысы – 60
Ақтөбе облысы – 3
Алматы облысы – 75
Атырау облысы – 74
Шығыс Қазақстан облысы – 27
Жамбыл облысы – 17
Батыс Қазақстан облысы – 47
Қарағанды облысы – 41
Қостанай облысы – 62
Қызылорда облысы – 6
Павлодар облысы – 23
Солтүстік Қазақстан облысы – 52
Түркістан облысы – 20
Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 155
Ақмола облысы – 51
Ақтөбе облысы – 19
Алматы облысы – 19
Атырау облысы – 66
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Батыс Қазақстан облысы – 81
Қарағанды облысы – 27
Қостанай облысы – 71
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 23
Павлодар облысы – 143
Түркістан облысы – 6