Алматыда қала күні тойланып жатқанда тұрғындар ерекше сый жасады. Олар тіккен құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Бес айға созылған алып құрақ көрпе жұмысы күні кеше аяқталды. Ұзындығы 11 шақырым.
«Мұның бәрі осы бес айда тез тігіле қалған дүние емес. Қанша адамның еңбегі болды. Еңбегінің жемісі бүгін ақталып жатыр. Сондықтан да бүкіл қалалықтарды үлкен жеңіспен құттықтағым келеді. Бұл — қаланың жеңісі», – деді қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабиева.
Jasqazaq.kz жазғандай Гиннесс рекордтар кітабы бас кеңсесінің өкілі Джона Брент қазақстандық құрақ көрпені көріп, бағасын беру үшін, қала күні мерекесіне арнайы келіп отырғандығын айтты.
«Бұл — шынымен де таңқаларлық дүние. Сіздер расында әлемдік рекорд жасадыңыздар. Осыны дәлелдейтін ресми құжатты да табыстадық», — деді ол.