Бердімұхамедовтың ақалтекесі Гиннестың рекордтар кітабына енді

0
174
дереккөзден

Түркіменбашы Бердімұхамедовтың  Акхан аталған жылқысын Гиннестың рекордтар кітабына енгізу куәлігін табыстау  рәсімі өтті.

Түркімен бұқаралық ақпарат құралдары таратқан ақпарға сәйкес, ақалтеке жылқылары кешенінің Акхан жылқысы күрделі трюктарды орындау нәтижесінде Гиннестың рекордтар кітабына енген.  Акхан жылқысы  10 метр ара қашықтықты 4, 19 секундта артқы аяқтарымен жүріп өтіп, бұған дейінгі орнатылған рекордты бұзған.

Гиннестың рекордтар кітабының өкілі, төреші Шейд Субаши-Гемиджидың сөзінше, бұған дейінгі рекорд 9, 21 секундта Дубайда орнатылған көрінеді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз