Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған «Әміре» кинокартинасы 2018 жылдың 5 сәуірінде ұлттық прокатқа шығады.
“Қазақфильм” кинокартинаны мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсіргенін хабарлады. Басты рөлде отандық актер – Санжар Мәди. Түсірілім тобы халықаралық деңгейде, құрамында америкалық қоюшы-режиссер Jeff Vespa, сценарист Benjamin A. van der Veen бар. Бас продюсері – Әлидар Өтемұратов.Фильм ұзақтығы 88 минутты құрайды.
Аталған кинотуынды қазақтың жезтаңдай әншісі Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналады.
Атап өтерлігі, «Әміре» картинасы Қазақфильмнің» 2018 жылдағы бірлескен алғашқы ауқымды жобасы.