Трамптың күйеу баласы Түркиямен келісім жасасты деген күдікке ілінді

0
100

АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы, сондай-ақ, оның арнайы кеңесшісі Джаред Кушнер бірнеше елмен, соның ішінде Түркиямен келісім жасасты деген күдікке ілініп, тергелу үстінде, деп жазды «Московский Комсомолец» («МК») басылымының түрік жаңалықтары қызметі.

Америкалық NBC телеарнасы «АҚШ билігі Кушнердің түріктермен кездесу барысын жан-жақты зерделеу барысында федералды тергеушілер кеңесші туралы ақпарат алу үшін ФБР-дің Анкарадағы заңгерлік атташесі арқылы түрік басшылығымен байланыс орнатқан. Бұл мәселемен жан-жақты таныс болған адамдар 2016 жылы желтоқсанда Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның күйеу баласы, сондай-ақ, Түркияның энергетика министрі Берат Албайрак Нью-Йоркте Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флиннмен кездесті деп мәлімдейді. Мюллердің командасы қазіргі таңда қос тарап «қызмет құнына қызмет көрсету» туралы мәмілені талқылаған-талқыламағандығы жөнінде зерттеу жүргізу үстінде. Қазіргі уақытта Флинн тергеуге белсенді атсалысуда », – дейді.

Сонымен қоса NBC телеарнасы «тергеу барысында Біріккен Араб Әмірлігінің мұрагер ханзадасы БАӘ бастамасы үшін Трамп әкімшілігіне әсер етуі мүмкін деген ұстамды қолдайтын Парсы шығанағындағы бірнеше елдер де болды», деп хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз