«Су пішіні» төрт номинация бойынша «Оскар» жеңімпазы атанды

0
74
дереккөзден

Гильермо дель Торо Лос-Анджелесте өткен Америка киноакадемиясының «Оскар-2018» марапаттауларында  «Су пішіні» (“The shape of water”) кинокартинасымен жылдың үздік режиссері аталымын жеңіп алды. Бұдан өзге Тороның шедеврі «Үздік саундтрек» пен «Үздік қоюшы режиссер» аталымдарында да топ жарды.

Америка киноакадемиясы өткізген марапаттау рәсімінде мексикалық режиссер Гильермо дель Торо төрт номинацияда жеңімпаз атанып («Үздік фильм», «Үздік режиссура», «Үздік саундтрек», «Үздік қоюшы режиссер»), фэнтези жанрының шегі жоқтығын, аталған жанрды кино әлемінде қалағанша қолдану мүмкіндігі барын айтып сөз алды, деп жазады Euronews.

Бұдан өзге “Three billboards outside Ebbing, Missouri” фильмі үшін «Оскар» жүлдесінің «Үздік әйел образы» 21 жылдан кейін Фрэнсис Макдормандқа бұйырды. «Екінші пландағы үздік ер адам образы» аталымында Сэм Рокуэлл жеңіске жетті.

Джо Райттың Уинстон Черчилліндегі жұмысы үшін «Үздік актер» аталымын Гэри Олдман жеңіп алды.

«Шет тілдегі үздік фильм» аталымында «Оскар» жүлдесі Чили режиссері Себастьян Лелионың “A fantastic woman” фильміне бұйырды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз