Ким Чен Ын қос Кореяны біріктірудің жаңа тарихын бастамақ

0
87
дереккөзден

Корей халық демократиялық республикасының (КХДР) президенті Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның арнайы өкілдерінің делегациясымен кездесуде Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдету және кореялық қатынастарды дамыту, соның ішінде саммит өткізу туралы пікір алмасып, қос Кореяны біріктірудің жаңа тарихын бастауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұр туралы РИА Новости Солтүстік Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздер барысында Ким Чен Ын Корейаралық қарым-қатынастарды дамытуға және екі мемлекетті біріктірудің жаңа тарихын ашуға түбегейлі ерік-жігер мен ұмтылысын білдіріп, тиісті ұйымдарға тез арада нақты қадамдар жасауды тапсырды.

Сондай-ақ, агенттіктің мәлімдемесінде «Президент Корей түбегіндегі қарулы күштерді күшейту және көп жақты диалог пен байланыстарды жандандыру бойынша терең пікір алмасты» делінген.

Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея президентінің бес арнайы өкілінен құралған 10 адамнан тұратын делегация Пхеньянға келді. Олардың арасында Ұлттық барлау агенттігінің басшысы мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі президенттің кеңесшісі де бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз