“Amre” нигімен танылған қазақстандық әнші Ернар Садырбаев Витебсктегі “Славянский базар” 26-шы халықаралық өнер байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы продюсер Жан Мұқанов хабарлады.
“1 орын! Бүгін марапаттау рәсімі өтеді”, – деп жазады Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында.
Продюсер таратқан ақпарға сәйкес, байқау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Румыния 156 ұпай еншілеген. Әділ қазылар алқасының төрағасы А. Морозовтың шешімімен бас жүлде румын әншісіне бұйырды. Бірінші орын Қазақстанның еншісінде болса, екінші орынға Украина жайғасты, үшінші орынды Польша мен Беларусия бөліске салды.
“Не болса да, мен және менің әншім аталған шешімге қуаныштымыз”, – дейді Ж. Мұқанов.
Сондай-ақ Ж. Мұқанов әлем музыкасының аңыз тұлғалары Р. Рымбаева, А. Морозов, Р. Лоретти, В. Гришко, М. Качмарек және т.б жоғары баға алғандарын жазады.
Атап өтерлігі, байқауға дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әміре жеңістен үмітті екенін айтқан еді. Өз кезегінде, продюсер Ж. Мұқанов kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбатындабайқау барысында бас жүлде, кем дегенде бірінші орыннан ниетті екендерін жеткізген еді.