Әміре “Славян базарында” бірінші орынға ие болды

0
148
/@impresario_kz

“Amre” нигімен танылған қазақстандық  әнші Ернар Садырбаев Витебсктегі “Славянский базар” 26-шы халықаралық өнер байқауында жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы продюсер Жан Мұқанов хабарлады.

“1 орын! Бүгін марапаттау рәсімі өтеді”, – деп жазады Жан Мұқанов өзінің Instagram парақшасында.

⚜️1 место! Сегодня состоится церемония награждение где Казахстан взял 1 место и получит денежный приз в размере 15 000 USD на 26 международном фестивале «Славянский базар 2018» в Витебске. Казахстан и Румыния получили по 156 баллов, но по решению Председателя жюри А.Морозова, гран при ушло Румынии. Первое место – КАЗАХСТАН. Второе место – Украина. Третье место разделили Польша и Беларуси. Можно сколько угодно говорить и спорить о решении Председателя жюри, но я доволен и мой артист не менее рад! Получить первое место на сложнейшем вокальном конкурсе, думаю это престижно для начинающего артиста. От всей души благодарю за поддержку казахстанскую делегацию и всех кто поддерживал в социальных сетях! Мы получили самую высокую оценку от мировых Легенд музыки: Р.Рымбаева, А.Морозов, Р.Лоретти, В.Гришко, М. Качмарек и т д. Спасибо, Витебск! Завтра наконец то домой! До свидание, Беларусь! Встречай Казахстан! 🇰🇿 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿#славянскийбазар2018 #belarusia

A post shared by Zhan Mukanov (@impresario_kz) on

/ @impresario_kz

Продюсер таратқан ақпарға сәйкес, байқау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Румыния 156 ұпай еншілеген. Әділ қазылар алқасының төрағасы А. Морозовтың шешімімен бас жүлде румын әншісіне бұйырды. Бірінші орын Қазақстанның еншісінде болса, екінші орынға Украина жайғасты, үшінші орынды Польша мен Беларусия бөліске салды.

/@impresario_kz

“Не болса да, мен және менің әншім аталған шешімге қуаныштымыз”, – дейді Ж. Мұқанов.

Сондай-ақ Ж. Мұқанов әлем музыкасының аңыз тұлғалары Р. Рымбаева, А. Морозов, Р. Лоретти, В. Гришко, М. Качмарек және т.б жоғары баға алғандарын жазады.


Атап өтерлігі, байқауға дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Әміре жеңістен үмітті екенін айтқан еді. Өз кезегінде, продюсер Ж. Мұқанов kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбатында байқау барысында  бас жүлде, кем дегенде бірінші орыннан ниетті екендерін жеткізген еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз