21 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық кинотеатрлардан қазақтың ағартушысы Міржақып Дулатұлы туралы түсірілген көркем фильм көрсетіледі.
Сериал режиссері – Мұрат Есжан. Фильмде ақынның 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңі қамтылады. Айта кетейік, туынды былтыр 6 бөлімнен тұратын телехикая болып, көптің қызығушылығына ие болды. Ал биыл «Nauryz» ұлттық телесериалдар байқауында «Үздік сериал» атанған еді.
«Рөлдің жауапкершілігі орасан болды, Гүлнар Дулатованың(Міржақып Дулатұлының қызы) «Шындық шырағы» кітабын оқып, мен өзіме көп нәрсе алдым. Сол кітаптан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көз алдымда сол кісілердің бүкіл өмірін көріп шықтым. Сол маған актерді танып білуге үлкен көмек болды», – дейді басты рөлді сомдаған актер Бақыт Хаджыбаев