Мәжілісмендер балаларға төленетін төлемдер мәселесін Сенатқа жолдады

0
28
Парламент палаталарының ғимараты.

20 қыркүйекте Мәжілісмендер, жалпы отырыста Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылдап, Сенатқа жолдады.

Сонымен қатар заң мақсатты жинақтарды және оларды төлеуді тоқтата тұру, тыйым салу, тәркілеу мүмкіндігін шектеу шараларын, алушы қайтыс болған немесе қайтыс болды деп танылған жағдайда мұрагерлердің оларды алу құқықтарын белгілейді.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі, ал білім алу үшін шетелдік оқу орнында оқуға мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қордан балалар шотына ақша қашан түсе бастайды?

Қаражат Ұлттық қорда болады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Тек шотта жинақталған қаражатты он сегіз жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға мүмкіндік беріледі. Алайда балалар азаматтықты өзгерткен немесе жоғалтқан кезде бұл құқығынан айырылады. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз