«Оскардың» кезекті салтанатты рәсімі ақпанда өтеді

0
84

Американдық «Оскар» киножүлдесінің 91-ші салтанаты рәсімі 2019 жылдың 24 ақпанында Лос-Анджелесте Dolby театрында өтеді. Бұл туралы американдық кинофильмдер академиясының веб-сайты хабарлайды.

Американ кино академиясы «Оскар» жүлдесіне үміткерлер тізімін 22 ақпанда жариялайтын болады.

Марапаттау рәсімі әлемнің 225 елінде және аймақтарда белгіленген тәртіппен көрсетілетін болады.

Еске сала кетеміз, 2018 жылдың «Оскар» киножүлдесінің салтанатты марапаттау рәсімі 5 наурызда өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз