Макрон мен Трамп кездесті

0
91
дереккөзден

Франция президенті Эммануэль Макрон дүйсенбіде жұбайымен бірге АҚШ-қа үш күндік мемлекеттік сапармен келді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ-қа ұшып келгеннен кейін Франция президенті Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның тарихи үйі Маунт-Вернонға бағыт алды. Маунт-Вернонда Құрама штаттардың президенті Дональд Трамп пен жұбайы Меланья Трамп Франция басшысын күтіп алды.

Ресми сапар қос президенттің Ақ үй алдында тал отырғызуымен басталды.

Атап өтерлігі, бұл АҚШ президенті мен Франция президентінің бейресми аурада өткізіп жатқан тұңғыш кездесулері, БАҚ өкілдері де жоқ. Дегенмен, сейсенбіде қос мемлекет басшыларын қауырт кездесулер мен келіссөздер күтуде.

АҚШ-тың алюминий мен болатқа тарифтарды көтеруі (бұл сауда қақтығыс ретінде қабылданған еді), Корей түбегіндегі жағдай және әрине Таяу Шығыс – күн тәртібінде.

Басты назарда Иран мәселесі. Бұған дейін Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімшартқа түзетулер енгізілмейтін болса, оны тәрк етемін деп сес көрсеткен еді. Дегенмен, АҚШ-тың бұл шешіміне Франция және Еуроодақ түбегейлі қарсы. Өз кезегінде Франция президенті Германия канцлері А. Меркельмен жақын арада кездесуі барысында АҚШ пен Иран аталған келісімге баламаны көрмей отыр деп мәлімдеген еді.


Иранның ядро бағдарламасына қатысты келіссөздер ұзақ жылға созылды. Нәтижесінде, Тегеран өзінің ядролық қызметін шектеп, оны халықаралық бақылауға қоюға келісті. Ал Америка және бірқатар Еуропа мемлекеттері Иранға салынған санккцияларды алып тастады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз